Нью-Йорк сотында Венесуэланың биліктен шеттетілген экс-президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты кезекті тыңдау өтті. Euronews телеарнасының хабарлауынша, бұл жолғы отырыс сот шығындарын кім төлейтініне қатысты даумен есте қалды, деп жазады Juzmedia.kz.
Судья Элвин Хеллерстайн Мадуро мен оның жұбайының «сотталушылардың қаржысы жоқ» деген уәжін қабылдамады. АҚШ санкцияларына байланысты Венесуэла үкіметі бұл шотты төлей алмайды, ал Мадуро өз қалтасынан төлеуден бас тартып отыр. Соған қарамастан, судья істі тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмады.
63 жастағы экс-президент сот залына сұр түсті түрме киімімен келді. Ол өзін «әскери тұтқын» деп жариялап, тағылған айыптарды мойындамады. Қазіргі уақытта ол Бруклиндегі санитарлық жағдайы нашар деп есептелетін Metropolitan Detention Center түрмесінде оқшау отыр.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Мадуроға қатысты жаңа қылмыстық істердің қозғалатынын меңзеді, бірақ ашып айтпады.
Нью-Йорк көшелерінде Мадуроның жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болып, полиция араласуға мәжбүр болды. Ал, Каракаста оның ұлы жүздеген жақтасын жинап шеру ұйымдастырды.