homepage
Фото: ашық дереккөзден

Соболенко мен Рыбакинаның Майамидегі ойыны немен аяқталды?

27.03.2026, 09:01

Майамидегі (АҚШ) беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен беларусьтік Арина Соболенко тағы рет бақ сынасты. Тартысты кездесуде Соболенко жеңіске жетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

6:4, 6:2 есебімен Арина Соболенко жеңді. Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.

Бұл — биылғы маусымда екі теннисшінің үшінші рет кездесуі. Бұған дейін Рыбакина Australian Open финалында тарихи жеңіске жетсе, Соболенко Индиан-Уэллс турнирінің финалында есе қайтарған болатын. Бұл екі спортшының карьерасындағы 17-ші бетпе-бет келуі. Әлемдік ТОП-5 рейтингіндегі ойыншылар арасында ешкім бұлай жиі кездеспеген. Елена Рыбакина биыл алғаш рет әлемдік рейтингте екінші сатыға көтеріліп, көшбасшылық үшін күресуге дайын екенін мәлімдеген еді. Соболенко Майамиде әзірге бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Ал Рыбакина жартылай финалға дейін ширек финалда Джессика Пегулаға қарсы қиын матч өткізіп, жеңісті жұлып алған болатын.

Елена Рыбакина осы жеңілісіне қарамастан, әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарындағы орнын сақтап қалады.