homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Алматыда автоЦОН қызметкерлері сотталды

26.03.2026, 15:01

Алматы қалалық прокуратурасы мамандандырылған ХҚКО-ның бес қызметкеріне қатысты қылмыстық істің аяқталғанын хабарлады. Олар жүк көліктерін заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Juzmedia.kz.

Тергеу анықтағандай, 2023 жылы орталық қызметкерлері 18 жүк көлігін қолдан жасалған құжаттар арқылы есепке қойған. Олар көліктердің шыққан жылын әдейі өзгертіп көрсеткен. Бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекет бюджетіне алғашқы тіркеу үшін төленуі тиіс 164 миллион теңгекөлеміндегі алым түспей қалған. Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында мемлекетке келтірілген бұл шығын толық көлемде өтелді.
Кешенді тергеу амалдары мен сот сараптамалары айыпталушылардың қылмыстық әрекетін толық дәлелдеді. Сот шешімімен бес қызметкер де кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.