homepage
Фото: Ақорда

Ербол Хамитов «Барыс» орденімен марапатталды

26.03.2026, 14:06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты және оның бапкерлерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ербол Хамитов (Паралимпиада чемпионы) – III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Спортшы биатлоннан алтын ал, шаңғы жарысынан қола медаль иеленіп, Қазақстанның жалпы есепте 18-орынға көтерілуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, Василий Коломиец пен Антон Жданович (Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары) «Парасат» орденін иеленді. Аслан Тоқбаевқа («Үміт» спорт клубының жаттықтырушысы, СҚО) – «Құрмет» ордені берілді. 

Президент Ербол Хамитовтың жеңісін еліміз үшін тарихи нәтиже деп атап, спортшының қайсарлығы мен табандылығы бүкіл қоғамға үлгі екенін ерекше атап өтті.