homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Қандастарға жұмысқа орналасу міндеттеледі

26.03.2026, 11:34

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аудару бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа талаптар әзірледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Енді қоныс аудару бағдарламасымен келген қандастар таңдалған өңірде міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Жұмыспен қамтылу фактісі ресми әлеуметтік аударымдар арқылы расталуы керек.

Бұл шара қандастардың жаңа жерге тез бейімделуіне, қайта көшіп кетуін азайтуға және жергілікті бюджетке түсетін салмақты жеңілдетуге бағытталған. Қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер белгіленген: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

2026 жылдың басынан бері 3 335 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 2026 жылдың 6 сәуіріне дейін көпшілік талқылауында болады.