homepage
Фото: ашық дереккөзден

Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік 50 жас футболшысының қатарына енді

26.03.2026, 11:13

Беделді Goal басылымы әлемдік футболдағы ең дарынды 50 жасөспірімнің NXGN 2026 рейтингін жариялады. Бұл тізімге Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев та еніп, 43-орынға жайғасты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Лондондық клуб 17 жасар қазақстандық талант үшін 4 миллион еуро төлеуге келіскен. Ол осы жазда «Стэмфорд Бриджге» ресми түрде ауысады. Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан ең жас ойыншылардың бірі (тек Ансу Фати мен Ламин Ямальдан кейін). Сондай-ақ, ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі гол авторы.

Сарапшылар Дастанның гол соғу шеберлігін аты аңызға айналған Серхио Агуэромен салыстырып жатыр. 2025 жылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Ламин Ямаль («Барселона»), Эстеван («Челси») және Пау Кубарси («Барселона») енді. Бұған дейін Британия басылымдары Дастан Сәтпаевтың жарақатынан кейінгі сәтті оралуын жоғары бағалаған болатын.