homepage
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы шахтада қайғылы оқиға: бір адам қаза тапты

26.03.2026, 11:01

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеушілер апатқа ұшырады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні кешке шахтаның төменгі қабатында үш адам жарақат алған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бір ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал қалған екі серігі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

«Биыл 23 наурызда Бестөбе кентіндегі шахтаның төменгі горизонтында үш заңсыз алтын іздеуші жарақат алған. Оқиға салдарынан бір ер адам қайтыс болды, екеуі емдеу мекемесіне жеткізілді», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламада.

Айта кетейік, Бестөбе өңірінде заңсыз кен өндірушілерге қатысты жағдай бұған дейін де бірнеше рет тіркелген болатын.