homepage
фото: ашық дереккөзден

Степногорде құны 52 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

26.03.2026, 10:08

Степногорск қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 52 млн теңге болатын, жалпы аумағы 1 500 гектардан астам жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Прокурорлар тексере келе жер қатынасы саласында өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар жер учаскелерін сауда-саттықсыз берген, конкурстық рәсімдерді сақтамаған. Сондай-ақ, жерді өз бетінше басып алу фактілері де анықталды. Соған орай, жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Прокуратураның талап етуімен Жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент тарапынан заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қайтару туралы 2 талап-арыз сотқа жолданды.