homepage
фото: Reuters

Лукашенко Ким Чен Ынмен кездесті

26.03.2026, 09:52

Беларусь президенті Александр Лукашенко Солтүстік Кореяға алғашқы сапармен барып, Ким Чен Ынмен кездесті, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Пхеньяндағы ресми келіссөздерден соң тараптар Беларусь пен КХДР арасындағы Достық келісііміне және тағы 10 құжатқа қол қойған. 

Бұған дейін Ким Чен Ын мен Лукашенко былтыр күзде Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына орай өткен әскери парад кездескен. Сол кезде Ким Чен Ын Лукашенконы өз еліне сапарлапк елуге шақырған. 

Reuters-тің жазуынша, КХДР мен Беларусь Ресейдің Украинаға қарсы соғысында Мәскеуге айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Минск үш жыл бұрын соғыс басталатын кезде өз аумағын ұсынып, кейін өз жерінде Ресейдің тактикалық ядролық қаруын орналастыруға келісім берді.

Ал, Солтүстік Корея былтыр көктемде алғаш рет ресми түрде Ресейге әскер жібергенін растаған. Солтүстік Кореяның әскери бөлімшелері Ресейдің Курск өңірінде Украина күштеріне қарсы операцияларға қатысып, бұл аймақты «азат ету» ісінде маңызды рөл атқарған.