Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады. Ұшқышсыз ұшу аппаратын Ақжайық ауданының тұрғындары тауып, суретке түсіріп алған. Полиция дрон құлағанын растады және қазір мән-жайды анықтап жатыр, деп хабардайды Juzmedia.kz.
«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Объект елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп жазылған хабарламада.
Былтыр күзде Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында дрон жарылған. Ал, жазда Маңғыстау өңіріне бес дрон құлады. Сыртқы істер министрлігі сол кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр дегеннен өзге мәлімет жасамаған.