homepage
Фото: ашық дереккөзден

«Тозаққа» айналдырам: Трамп Иранға сес көрсетті

26.03.2026, 09:31

Америка Президенті Дональд Трамп Иранды тығырыққа тіреп отыр. Егер Тегеран Таяу Шығыстағы қантөгісті тоқтату бойынша ресми келісімге келмесе, Ақ үй бұрын-соңды болмаған жойқын соққы беруге дайын, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ewronews-ке сілтеме жасап.

Ақ үйдің ресми өкілі Кэролайн Левитт брифингте Трамптың райынан қайтпайтынын ашық айтты. Оның айтуынша, Вашингтон Иранның қазіргі жағдайын «жеңіліс» деп бағалайды.

Егер Иран билігі соғысты тоқтатудан бас тартса, оларға «тозақ» орнатылады деп қорқытты. АҚШ тарапы Иранды бұл жолы қателеспеуге шақырды, олай болмағанда бұрын-соңды естіп-көрмеген күшпен соққы беретінін жеткізді. Ирандық БАҚ Вашингтонның жоспарын жоққа шығарғанымен, Ақ үй келіссөздердің жемісті жүріп жатқанын айтады. АҚШ ұсынған 15 тармақтан тұратын жоспардың кейбір тұстары шындыққа жанасатыны да расталды.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-тың ұсыныстарын қарап жатқандарын, бірақ делдалдар арқылы хабар алмасуды «толыққанды келіссөз» деп санамайтынын айтты. Ол Иранның соғысты тек өз шарттарымен ғана тоқтататынын және қарсылық көрсетуді жалғастыра беретінін кесіп айтты.