homepage
Фото: ашық дереккөзден

Рыбакина мен Соболенко тағы кездеседі

26.03.2026, 09:00

Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан беделді WTA-1000 турнирінде әлемнің үздік теннисшілері Елена Рыбакина мен Арина Соболенко жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ширек финалдық кезеңде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 5-ші орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы қапы қалдырды. Ал әлемнің көшбасшысы Арина Соболенко тағы бір америкалық спортшы Хейли Баптисттен басым түсті.

Бұл кездесудің жанкүйерлер үшін маңызы зор. Осыдан он күн бұрын ғана Индиан-Уэллс турнирінің финалында бұл екі спортшы өзара сынасып, тартысты ойында Соболенко жеңіске жеткен (3:6, 6:3, 6:7). Енді Елена Рыбакинаның сол жеңіліс үшін есе қайтаратын мүмкіндігі бар.

Рыбакина мен Соболенко арасындағы матч 27 наурыз күні Қазақстан уақытымен сағат 05:30-да басталады деп жоспарланған.

Турнирдің екінші жартылай финалдық жұбында америкалық Кори Гауфф (WTA №4) пен Чехия өкілі Каролина Мухова (WTA №14) финал жолдамасын сарапқа салады.