Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы үш адамның өмірін қиған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады. Қылмыстық іс "Масаң күйде көлік жүргізу" бабы бойынша қозғалған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жантүршігерлік жол апаты 21 наурыз түнгі үш жарымда болған. Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде Zeekr көлігі қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп Mercedes көлігіне соқтығысқан. Жол апатынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз қаза тапты. Ал Zeekr көлігінің жүргізушісі ауруханада.
Алматы қаласы полиция департаменті күдікті қазір ауруханада конвойдың қарауында екенін, жағдайы дұрысталған соң тергеу изоляторына қамалатынын айтты.
Бұл жол апатынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары соттың ашық өтуін талап етіп жатыр. Желі қолданушылары жылдамдықты асырған жүргізуші жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді.
Алматы қаласы полиция департаменті "жол апатына қатысы бар адамдардың бәрі анықталғанын, іс сотқа жолданғанын, ешкім жауаптан құтылмайтынын" айтады. Дегенмен полиция күдіктілердің есімін жариялай отыр.
Журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында “Zeekr көлігінің рөлінде 32 жастағы бизнесмен отырғанын, 21 наурыз түні ол басқа көліктермен жарысқа түскенін" жазады. Оның мәліметінше, Zeekr көлігінің иесі екі компанияның құрылтайшысы Александр Пак деген азамат болуы кәдік.