homepage
Фото: DANIEL ORTIZ / AFP VIA GETTY IMAGE

Колумбияда әскери ұшақ құлады, қаза тапқандар бар

24.03.2026, 11:22

Колумбиядада әскери ұшақ құлап, кемінде 66 адам қаза тапты, ондағаны жарақат алды. Апат Пуэрто-Легисамо қаласы маңында болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ел армиясының мәліметінше, Hercules C-130 ұшағы әуе базасынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Бортта 114 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі болған. Қазіргі дерек бойынша, 77 адам ауруханаға жеткізілген, ал 43 адам әлі табылмады.

Қорғаныс министрі Педро Санчес ұшақта әскери қызметкерлер болғанын растады. Оның айтуынша, ұшақ аэродромнан шамамен бір жарым шақырым жерде құлаған. Апат кезінде салонда өрт шығып, оқ-дәрілер жарылған.

Билік өкілдері апатқа қарулы топтардың қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Құтқарушылар апат орнында іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал президент Густаво Петро апатқа әскери техниканы жаңғырту бағдарламасының кешігуіне себеп болған бюрократиялық мәселелерді кінәлады.