homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Өскеменде полицейге шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

24.03.2026, 10:14

Өскемен қаласында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған екі адам ұсталды. Оқиға 22 наурыз күні Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкеріне көмек сұрап жасөспірім жүгінген. Ол белгісіз екі жігіттің агрессивті әрекет танытқанын айтқан.

Оқиға орнына барған полицейлерге күдіктілер бағынбаған. Мас күйдегі екі азамат полиция қызметкерінің заңды талабын елемей, оған шабуыл жасаған.

«Оқиғадан кейін шабуыл жасағандар бой тасалаған, алайда олар жедел түрде анықталып, ұсталды. Олардың қолынан қару тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді ШҚО ПД.

 Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.