homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев тазалыққа шақырды

23.03.2026, 12:30

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазару күніне» орай отандастарына үндеу жолдады. Мемлекет басшысы еліміздің барлық аймағында бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының маңызына тоқталып, халықты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мөлдір бұлақ» бастамасы

 Республика көлемінде бұлақтардың көзін ашу, тал егу және су айдындары мен саябақтарды тазалау жұмыстары жаппай қолға алынды.

Жаңа Халық Конституциясы

Президент атап өткендей, жаңартылған Ата заңда табиғатқа қамқорлықпен қарау ұлттық дүниетанымымыздың басты қағидаты ретінде бекітілген. Бұл құжат ел бірлігі мен рухани жаңғырудың негізі болмақ.

«Таза Қазақстан» идеологиясы

Жобаның мақсаты тек көше тазалығы емес, азаматтардың ниеті мен пейілінің тазалығы, сондай-ақ жауапты отаншылдық құндылықтарын дәріптеу.

«Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент табиғат игіліктерін ұқыпты пайдаланатын азаматтардың қатары артып келе жатқанын жоғары бағалап, барша қазақстандықтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды.