homepage
Фото: ТЖМ

Шахтинскіде газ баллоны жарылды

23.03.2026, 11:15

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар жеткенде пәтердегі жиһаз бен тұрмыстық заттар жанып жатқан. 

«Құтқарушылар баспалдақ арқылы жоғары қабаттардан 5 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, ішінде бесеуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

Бұл оқиға бойынша іс қозғалып, артынша 40 жастағы ер адам ұсталды. Оған "біреудің мүлкін қасақана жою” бабы бойынша айып тағылды. 

«Қазір күдікті Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылды. Оны арнайы күзет бақылап тұр. Сауығып шыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады», – деп хабарлады облыстың полиция департаменті.