homepage
Фото: Ақорда

Juz пікір: “Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бейбіт келіссөздерді Түркістанда өткізуге болады”

21.03.2026, 15:52

“Соғыс әбден шиеленісіп кетті. Меніңше, бұл қақтығыста ақыры еш мемлекет өз пайдасына қол жеткізе алмайды. Қазақстан қақтығыс болып жатқан аймақтың бір бөлігі. Сондықтан осы қастерлі жерден барлық елдерге халықаралық қауымдастыққа Үндеу жасағым келеді. Ең алдымен, азаматтық, экономикалық нысандарға қарулы шабуылдарды тоқтату керек. Содан соң келіссөздерді бастау керек. 

Қазақстан бұл күрделі ахуалда дәнекер болғысы келмейді, бірақ, өзіміздің жерімізді бейбіт келіссөздер үшін ұсынуға дайынбыз. Меніңше, Түркістанда осындай келіссөздер өткізуге болар еді”.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті