Білім алу үшін Қазақстанды көбірек таңдай бастаған Шетелдік студенттер, әсіресе Қытай азаматтары уақыт өткен сайын көбейіп келеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСКЕН ҚЫТАЙЛАР САНЫ ҚАНША?
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024-2025 оқу жылында 89 қытай азаматы қазақстандық докторантураға оқуға түскен - бұл өткен жылмен салыстырғанда екі еседен көп (дәлірек айтсақ 2,2 есе) көрсеткіш.
«Биыл қазақстандық докторантураға түскен шетелдіктер ішінде Қытай азаматтары 65 пайызды құрап отыр. Сол себепті шетелдік докторанттар санының жалпы өсімі айтарлықтай рекордқа: 137 адамға жетті: бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артық. Бұл Қазақстан Болон декларациясына қосылғалы бергі соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды», - делінген хабарламада.
ЖАЛПЫ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ІШІНДЕГІ ҮЛЕСІ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ?
Қытай азаматтарының мұндай қызығушылығы ғылыми мансабын Қазақстан арқылы жасағысы келетін шетелдік студенттер санының артуында ықпал еткен.
Алайда қытайлық докторанттар санының екі есе көбеюі Қазақстан олардың ғылым жолындағы бірінші таңдауына айналды дегенді білдірмесе керек. Тіпті рекордтық өсім болса да, Қытай азаматтары биылғы докторантураға үміткерлердің тек 3%-ын құрайды. Бұл олардың үлесі халықаралық студенттер арасында байқалғанымен, жалпы ағымда көп емес екенін көрсетеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.