Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасарытәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Алматы прокуратурасы түсірілім кезінде мемлекет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады:
«Мемлекет заңда көзделген прокат пен фильмді көрсетуден түскен табыстың 20 пайызын алу мүмкіндігінен айырылды», - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Қадағалау органы сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруға фильмдерді іріктеумен айналысатын сараптамалық кеңестің құрамына кинокомпаниялардың құрылтайшылары кіргенін де атап өтті.