homepage

«Мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсаған»: Ермек Тұрсынов түсірген фильм прокатқа шықпаған

Juzmedia. kz
08.10.2024, 14:40

Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасарытәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Алматы прокуратурасы түсірілім кезінде мемлекет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады:

  • «Выбор» (режиссер және сценарий авторы Ермек Тұрсынов) фильмінің түсірілімне бюджеттен 500 млн теңге,
  • ал «Тырналар» (режиссері Дамир Манабаев) фильмінің түсіріліміне мемлекеттен 421 миллион теңге бөлінген. Аталған фильмдер прокатқа шықпаған.

«Мемлекет заңда көзделген прокат пен фильмді көрсетуден түскен табыстың 20 пайызын алу мүмкіндігінен айырылды», - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Қадағалау органы сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруға фильмдерді іріктеумен айналысатын сараптамалық кеңестің құрамына кинокомпаниялардың құрылтайшылары кіргенін де атап өтті. 

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.