homepage
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Наурыз мейрамына орай қозғалыс шектеледі

20.03.2026, 16:52

21-22 наурызда елордада өтетін ауқымды халықтық серуендерге байланысты «Астана Арена» стадионы маңындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Алау» мұз айдыны жағындағы көше мен стадионның шығыс жағындағы көшеге шектеу қойылады. Шектеу сағат 10:00-ден бастап, мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін болады.

Айта кетейік, биыл Астанада Наурыз мейрамы аясында 200-ден астам іс-шара жоспарланған. Басты мерекелік алаңдардың қатарында:

  • Әкімдік алдындағы қалалық алаң;
  • «Қазақ елі» монументі;
  • «Астана Арена» тұрағы;
  • «Ататүрік» саябағы;
  • «Astana Music Hall» тұрағы;
  • ЭКСПО аумағы бар.

Қалалық әкімдік тұрғындар мен қонақтарды қауіпсіздік пен жайлылық үшін енгізілген бұл шараларға түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.