homepage
Фото: ашық дереккөзден

Тоқаев Алматы әкіміне LRT-ны тездетуді тапсырды

20.03.2026, 16:14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматы экономикасы оң динамика көрсетіп отыр: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жеткен. Қаланың инвестициялық қоржыны 2,8 триллион теңгеден асады.

“Алматы” индустриялық аймағы мен "Алатау" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) іс жүзінде толық толтырылды, жаңа жобаларды тарту үшін оларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы еліміздің IT-секторындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Цифрландыру аясында Almaty AI Park құрылып, жасанды интеллект негізінде қалалық бейнебақылау және талдау жүйесі дамып келеді”, – делінген Ақорда таратқан хабарамада.

Сондай-ақ, туристік әлеуетті дамыту мәселесі де талқыланды. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту және іргелес шатқалдарды игеру жұмыстары басталады. Бұл жобалар 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықпен үндестірілген.

“Жобаларды іске асыру 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықпен синхрондалған. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейіп жатыр. Көп орталықты даму моделіне көшуді және тау бөктеріндегі құрылысты шектеуді көздейтін Бас жоспарды түзету жұмыстары аяқталуға жақын”, — деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park құруды жеделдетуді, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйесін құру жұмыстарын жандандыруды қоса алғанда, бірқатар нақты тапсырмалар берді.