homepage
Фото: timurturlov / Instagram

«Парасат» орденінің су жаңа иелері кімдер

20.03.2026, 15:09

Қазақстан Премьер-министрі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар тұлғаны жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қызметтегі белсенділігі мен жетістіктері үшін Әділет министрі Ерлан Сарсембаевқа, «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасеновке, «Қазақстан темір жолы» төрағасы Талғат Алдыбергеновке, Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовқа және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турловқа «Парасат» ордені табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіпті нығайтуға үлес қосқан азаматтарды марапаттаған болатын. Олардың қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов пен Айдос Сарым, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бар.