homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Банк құпиясы отбасылық мәртебеден биік

20.03.2026, 14:45

Банктер ерлі-зайыптылардың шотындағы ақша туралы ақпаратты беруге міндетті емес. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты банк салымдарының құпиясы әрбір адамның отбасылық мәртебесіне қарамастан сақталуы тиіс деген шешім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл мәселеге әйел адамның ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайының банк шоты туралы мәлімет алуға тырысуы себеп болған. Банктер «банк құпиясы» нормасына сүйеніп, ақпарат беруден бас тартқан соң, іс сот сатыларынан өтіп, Конституциялық Сотқа жетті. Сот өз кезегінде банк салымдарының құпиясы дербес конституциялық құқық екенін және ерлі-зайыптылар мүліктік құқықтарда тең болғанымен, әрқайсысының жеке өмірі мен дербестігін қорғау құқығы басым екенін растады.

Дегенмен бұл ақпарат мүлдем жабық дегенді білдірмейді. Егер мүлікті бөлуге қатысты нақты іс қозғалса, соттар өздерінің іс жүргізуіндегі талаптар бойынша банк құпиясын құрайтын мәліметтерді ресми түрде алдыруға құқылы.