Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев айт намазынан кейін көпшілік алдында мәлімдеме жасап, өзіне қатысты айтылған «өсек пен өтірікке» байланысты халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды Juzmedia.kz. 24.kg сілтеме жасап.
Бұрынғы шенеунік мерекелік намаздан соң Алла разылығы үшін өкпе-реніштерді ұмытуға шақырды:
«Алланың разылығы үшін және бүгінгі айт намазының құрметіне мен ренжіткен немесе дұрыс қарамаған әрбір мұсылманнан кешірім сұраймын. Сондай-ақ, Алла разылығы үшін және айт мерекесінің құрметіне маған қарсы өсек айтқан, өтірік таратқандардың бәрін кешірдім. Олар бұдан былай жаман сөз айтпасын, теріс ақпарат таратпасын, жүректерінде иман болсын», — деді Ташиев.
Қамшыбек Ташиев өзіне жала жапқандардың кім екенін нақтылап айтқан жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол мерекелік намазға мешіттердің біріне барған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода оның қасында Ош қаласының бұрынғы мэрі Жеңісбек Токторбаевтың жүргені көрінеді.
Айта кетейік, Ташиевтің бұл мәлімдемесі оның қызметтен кеткенінен кейін және оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатқан тұста жасалып отыр.