Ирандағы қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 3186 адамға жетті. Бұл туралы ирандық HRANA құқық қорғау ұйымы хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
19 наурыздағы мәлімет бойынша, құрбандардың ішінде 1394 бейбіт тұрғын (оның ішінде кемінде 210 бала) және 1153 әскери қызметші бар. Тағы 639 адамның қай санатқа жататыны әлі нақтыланып жатыр.
The Wall Street Journal басылымы АҚШ Қарулы күштері мен Израиль қорғаныс армиясының деректеріне сілтеме жасап, әскери операция басталғалы бері Иран аумағына 16 000-нан астам соққы жасалғанын хабарлады. АҚШ күштері 7800-ден астам нысананы көздеп, Иранның 120-дан астам кемесін істен шығарған немесе жойған. Израиль тарапы Иранға 8500-ге жуық соққы беріп, Ливандағы 2000-ға жуық нысанаға шабуыл жасады.