Вице-премьер Қанат Бозымбаев Alatau city-де шетелдіктерге жер жалға берілетінін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Alatau city-де барлық инвесторларға, оның ішінде шетелдік инвесторларға жер учаскілері тек нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және бизнес лицензия үшін жалға немесе басқа түрінде беріледі. Егер бизнес лицензия арқылы [берілсе] оның міндеттемелері болады. Егер екі жыл ішінде ол жерге зауыт-фабрика немесе университет, қонақүй салмаса оған айыппұл салынады. Егер тағы екі жылдан кейін даму болмаса жер қайтарылады. Жер тек инвестициялық жобалараға беріледі” деді вице-премьер.
Айта кетейік, бүгін, 20 наурызда парламенттің бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиында Alatau қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.