homepage
Фото: Juzmedia.kz.

Пентагон Иранмен соғыс үшін қосымша ақша сұрады

19.03.2026, 17:38

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ақ үйге тағы өтініш жолдады. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

БАҚ мәліметінше, Иранға қарсы үш апталық әскери операция салдарынан қару-жарақ қоры айтарлықтай сарқылған. Соғыстың алғашқы аптасында-ақ Вашингтон 11 млрд доллардан астам қаражат жұмсап үлгерген.

Ақ үйдегі дереккөздер Конгресс мұндай ірі көмек пакетін мақұлдамауы мүмкін деп қауіптенеді. Себебі бұл сома Украинаға бөлінген жалпы қаржымен деңгейлес. Соңғы екі аптада Пентагон Ақ үйге соғысты қаржыландырудың бірнеше балама нұсқасын ұсынды.