Түркияда оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар шығарылатын зауытта күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
DW басылымының жазуынша, оқиға елдің солтүстік-батысында болған.
«Жарылыс салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы төрт адам жараланды», - делінген хабарламада.
Оқиға Каваклы ауылындағы азаматтық мақсатта шығарылатын оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар зауытында болған. Қазіргі кезде тергеу басталды. Диверсияға қатысты әзірше күдік жоқ. Жарылыс салдарынан зауыт ғимаратының бір бөлігі опырылып құлап кеткен», - деді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған X әлеуметтік желісінде 12 адамның қазасына байланысты олардың жақындарына көңіл айтты.