homepage
Фото: ашық дереккөзден

Экс-әкім Жақсылық Омарға қатысты сот басталды

19.03.2026, 15:01

Өскемен қаласындағы қылмыстық істерге қарайтын ауданаралық сотта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, бұрынғы қала әкімі Жақсылық Омардың ісі бүгін қаралады Juzmedia.kz.

Сот құжатында тергеудің басталу уақыты 19 наурыз сағат 15:00 деп көрсетілген. Оған ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Іс ашық түрде, жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Сот отырысы орыс тілінде өтеді. 13 ақпанда әлеуметтік желілерде Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тараған еді. Сол күні облыс әкімдігі бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірген.

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ұсталғанын ресми түрде растады.