Наурыз айында демалыс күндері көбейді. 15 наурыз мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған дейін 30 тамыз Конституция күні демалыс болғаны белгілі. Сенаттағы брифингте журналистер 15 наурыз ресми демалыс күні бола ма деп сұрады. Шегай бұл өзгеріс жаңа Конституцияда алдын ала қарастырылғанын айтып, растап өтті.
«Халық қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Құжаттың өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке болып белгіленетіні нақты жазылған, яғни бұл күн ресми демалыс болады», — деді ол.
2026 жылдың наурызында елде демалыс күндері ұзарады. Мереке күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс беріледі. Соның арқасында бұл ай жұмыс күні аз айлардың бірі болады.