АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, саммитке шақырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр айтты.
«Құрама Штаттардың президенті мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді», — делінген хабарламада.
Екі ел басшылары соңғы рет ақпан айында Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы аясында кездескен. Сол жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынған.