Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Түлектер кездесуі» атты ерекше форматтағы Жайдарман кеші өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жайдарманның әр кезеңінде өнер көрсеткен түрлі буын өкілдері бір сахнаға жиналды. Кешке кіші буын, жас буын, орта буын және үлкен буын құрамалары қатысып, өз стилі мен әзіл деңгейін көрсетті. Әр топ сахна мәдениетімен ерекшеленіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кеш барысында тартысты ойын өрбіді. Қатысушылар өз тәжірибесі мен әзіл шеберлігін сынға салды. Нәтижесінде бас жүлдені үлкен буын құрамасы жеңіп алды.
Бұл кеш көрермен үшін жай ғана сайыс емес, әр кезеңнің өкілдерін тоғыстырған, сағыныш пен сабақтастықты көрсеткен ерекше кездесу болды.