Қырғызстанның саяси сахнасы әлі де қызып тұр. Елдің ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев шетелден орала салысымен тергеуге шақырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл ақпаратты дереккөздерге сүйенген Kaktus.media таратты. Қазіргі уақытта Тәшиев ішкі істер министрлігіне қарасты бас тергеу басқармасында отырғаны айтылып жатыр.
Еске салсақ, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәшиевті ҰҚМК төрағасы және министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметінен босатқан еді. Сол кезде ол Германияда ем алып жүрген.
13 ақпанда Тәшиев емін аяқтамай елге оралуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Алайда үш күннен кейін қайта шетелге ұшып кеткен болатын.