homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

19.03.2026, 10:31

Қарағанды – Балқаш тас жолында жеңіл көлік аударылып, үш адам оқиға орнында қаза болды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

18 наурыз күні Астана – Қарағанды – Алматы республикалық тас жолының Ақшатау ауылынан шамамен 40 шақырым жерінде жол апаты болған. Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші мен көліктегі екі жолаушы сол жерде көз жұмған. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік бұрылыста жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарады. Бейне авторы жүргізуші рөлде қалғып кеткен болуы мүмкін деп болжайды. Ал пікір жазғандар жолдың тайғақ болғанын айтады.

Қарағанды облыстық полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.