homepage
Фото: Maneesh Bakshi/AP Photo/picture alliance

Иран әлемдегі ірі газ нысанына соққы жасады

19.03.2026, 09:34

Иран Катардағы Рас-Лаффан өндірістік аймағындағы ірі газ кешеніне зымыранмен соққы жасады. Нысан екі рет атқыланып, айтарлықтай зақымданған, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Оқиға 19 наурызға қараған түні болған. Катар билігінің мәліметінше, кешен аумағында өрт шығып, кейін сөндірілген. Энергетика компаниясы нысанға елеулі шығын келгенін растады. Алайда адамдар зардап шекпеген.

Катар бұл жағдайды ел қауіпсіздігіне төнген нақты қауіп деп бағалады. Ресми өкілдер жағдайдың күрделі екенін айтып отыр.

Оған дейін Израиль мен АҚШ Ирандағы «Оңтүстік Парс» газ кен орнына соққы жасаған. Бұл – Иран мен Катар ортақ пайдаланып отырған әлемдегі ең ірі газ көздерінің бірі. Иран басшысы Масуд Пезешкиан мұндай әрекеттердің салдары ауыр болатынын ескерткен.