Синоптиктер 19–21 наурыз аралығында Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Астанада 19 наурызда күн бұлтты, тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -8…-10 градус, күндіз +1…+3 градус шамасында. 20 наурызда түнде -7…-9, күндіз +5…+7 градусқа дейін жылынады. 21 наурызда түнде -3…-5, күндіз +5…+7 градус болады. Үш күнде де жауын-шашын болмайды, бірақ тұман түседі.
Алматыда 19 наурызда күн ашық, түнде -1…+1, күндіз +13…+15 градус болады. 20 наурызда түнде +2…+4, күндіз +13…+15 градус. 21 наурызда күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін көтеріледі.
Жалпы, алдағы күндері елдің көп бөлігінде күн жылынып, көктемгі ауа райы . Кей өңірлерде температура +23 градусқа дейін жетуі мүмкін.