homepage
Фото: ашық дереккөзден

Биыл қазақстандықтар аз демалатын болды

18.03.2026, 17:18

Биыл Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтілмейді және бұл күні демалыс болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін мереке күні өзгерді.

«Жоқ, енді 30 тамызда демалмайды. Жаңа Конституция қабылданып, күшіне енген соң, Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді», — деді ол.

Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыған байланысты 30 тамыз ресми мереке мәртебесінен айырылады.

Енді Конституция күні 15 наурызда атап өтіледі. Бұл күн — қазақстандықтар жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берген күн. Осылайша, биыл елде бір демалыс күні азаяды.