homepage
Фото: ашық дереккөзден

«ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

18.03.2026, 14:38

Бүгін Алматыда «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев та қамауға алынды. Оны полиция қызметкерлері қаладағы сауда орталықтарының бірінде ұстаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 17 наурыз күні кешке Матаев жанындағы Р. есімді азаматпен бірге “Dostyk Plaza” сауда орталығындағы көңіл көтеру орнынан шыққан. Мас күйінде олар екі ер адаммен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.

«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Әрбір адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, бүгін алматыда белсенді Санжар Боқаев та ұсталған болатын.