homepage
фото: ашық дереккөзден

Белсенді Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026, 13:44

Алматыда белсенді Санжар Боқаев қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 128-131-баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруды көздеген. Атап айтқанда, ол жекелеген азаматтардың қоғамдық саябақтарда ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды жариялаған. Тергеу нұсқасына сай, Санжар Боқаев бұл қылмыстарды өзі ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақшалай сыйақы  берген. 

Сонымен қатар, күдікті аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілінді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Іске қатысты өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Санжар Боқаев 44 жаста. Соңғы уақытта қоғам назарына көп түсе бермейтін белсенді жуырда видео үндей жолдап, Амеркиаға кеткенін, сол жақта кәсіппен айналысып жатқанын айтқан болатын.