homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Иранға соққы жасауға қарсы шыққан АҚШ шенеунігі қызметінен кетті

18.03.2026, 12:06

АҚШ-тың Ұлттық контртеррористік орталығының директоры Джо Кент Иранға жасалған шабуылдарға қарсылық танытып, қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, Иранға соққы жасауға нақты негіз жоқ және мұндай әрекетті қолдауға ар-ұяты жібермейді. Осы позициясын түсіндіріп, ол арнайы хат жазып, қызметтен кеткен.

Джо Кент АҚШ-тағы қауіпсіздік саласындағы негізгі тұлғалардың бірі саналады. Ол терроризм қаупіне қатысты ақпаратты жинау, талдау және бағалау жұмыстарын үйлестіріп келген, сондай-ақ түрлі федералдық органдардың әрекетін бір арнаға тоғыстырып отырған.

Бұл жағдайға Дональд Трамп та пікір білдірді. Ол Кентті бұрыннан қауіпсіздік мәселесінде әлсіз маман деп сынап, егер әкімшілікте Иранды қауіп деп санамайтын адамдар болса, ондай кадрлардың қажет емес екенін айтты.

Айта кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын 28 ақпанда бастаған. Содан бергі 20 күнде тараптар бір-біріне шабуылдарды күшейтпесе, бәсеңдеткен жоқ.