homepage
Фото: Ақорда

Жаңа Конституция көп тиражбен басылып шығады

18.03.2026, 11:18

Жаңа Конституция 10 сәуірге дейін көп тиражбен басылып, мемлекеттік мекемелерге, білім және мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл тапсырманы Үкімет басшысы Олжас Бектенов берген. Сонымен қатар, Цифрлық даму министрлігі Конституция мәтінін баршаға қолжетімді электронды алаңдарға орналастыруы тиіс.

Ал мектептерде, колледждер мен университеттерде Конституцияны түсіндіретін сабақтар өтеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту және Ғылым министрліктеріне 20 сәуірге дейін арнайы оқу құралдарын дайындау тапсырылды.