homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Жаңа Конституция - жаңа оқулық

18.03.2026, 10:40

Биыл мектеп оқулықтары біртіндеп қайта басыла бастайды, себебі жаңа Конституцияның қабылдануына сай мазмұны өзгермек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазір қолданылып жүрген оқулықтардың көбі 2018–2019 жылдары шыққан және сол күйі өзгеріссіз қалған. Енді олар жаңа Конституциялық өзгерістер мен бүгінгі талаптарға сай қайта қаралып, кезең-кезеңімен ауыстырылатын болады. 

«2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. 2027 жылы 1 және 5 сыныптар оқулықтары жаңадан басылады. 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады. 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді», – деді министр.

Министр оқулықтардың мәні мен мазмұны сапалық тұрғыдан жақсара түседі деп уәде етіп отыр.