Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы қайғылы оқиғаға қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛКЕНІ ПЕШ ЖАҚПАҚ БОЛҒАН…»
«Балалар түнде үйде қараусыз қалған. Балалардың ішінде аман қалған үлкені таңғы төртте оянып, пеш жақпақ болған. Бірақ отынмен бірге пешке әлдебір бөтелкені де салып жіберген. Соның салдарынан жарылыс болған. Бала сол кезде көшеге жүгіріп шыққан. Басқалар жеткенше, үйдегі балалар тұншығып қалған», - деді Құмар Ақсақалов.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Қайғылы оқиға күзде, 11 қазанда Жітіқарада болған. Үйде барлығы алты бала болған. Жарылыс кезінде бес бала көз жұмған.
Өңір басшысы жылу беру маусымы басталмас бұрын төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері көп балалы аналар мен халықтың басқа да әлеуметтік осал санаттары тұратын барлық үйді аралайды деп сендірді. Құтқарушылар мұржалар мен пештердің жағдайын тексеріп жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.