Ақмола облысында жол бойындағы әжетханаларға қажет көңіл бөлмеген басшы жұмыстан алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жол бойындағы сервис мәселесі талқыланған. Әсіресе, халық жиі шағым айтқан мәселе — жол жиегіндегі әжетханалардың күйі. Көбі жабық тұрады, кейбірі талапқа сай емес.
Тексеру кезінде республикалық жолдар бойындағы 684 нысан қаралған. Соның ішінде 13 әжетхана мүлде істемейтіні белгілі болды. Тағы 69-ының жағдайы өте нашар.
Осыдан кейін «ҚазАвтоЖолдың» мәліметіне сай, Ақмола облысындағы «КАЖ-Сервис» филиалының басшысы қызметінен алынды. Сонымен бірге бірнеше жауапты адамға тиісті бақылау жасамағаны үшін жаза тағайындалған.
Министрлік қызметк өрсетуші компанияларға жол бойындағы барлық нысанды тез арада ретке келтіріп, олардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қоғам тарапынан бақылауды да күшейту керектігі айтылды.