Иран әскері Израильге ауқымды зымыран шабуылын жасады. Бұл Иран билігінің шабуылда өлтірілген Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қазасына жауабы болатын, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Иранның ресми деректеріне сүйенсек, шабуыл кезінде бірнеше түрлі зымыран қолданылған. Нысана ретінде Тель-Авивтегі әскери және күзетке қатысты объектілер алынған. Иран тарапы жүзден аса нысанаға соққы тигенін және Израильдің әуе қорғаныс жүйесі бұл шабуылды толық тоқтата алмағанын мәлімдеді.
Шабуылдан кейін Тель-Авивтің кей бөлігінде электр жарығы өшкен. Бұл соққы Иран жариялаған “Шынайы уәде – 4” операциясы шеңберінде жасалған.
Бұған дейін Әли Лариджани Тегеранда қаза тапқаны хабарланған. Мәліметтерге қарағанда, ол АҚШ пен Израильдің әуе соққысы кезінде ұлымен және бірнеше серігімен бірге мерт болған. Иран президенті Масуд Пезешкиан бұл жағдайға қатаң жауап берілетінін айтып, кек аламыз деп мәлімдеген болатын.