homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Ресей Иранның қолтығына су бүркіп отыр

18.03.2026, 09:00

Ресей Иранмен әскери ынтымақтастықты кеңейтеміз деген желеумен Иранның қолтығына су бүркіп отыр, деп хабарлайды Wall Street Journal сенімді дереккөздерге сілтеме жасап.

Мәскеу мен Тегеран барлау ақпаратын алмасып, аймақтағы америкалық әскерлерге дәл соққы жасауға көмектесу үшін спутниктік суреттер мен жетілдірілген дрон технологияларын ұсынып отыр. Осылайша Ресей АҚШ пен Израильге қарсы күресте Иранды өз одақтасы ретінде сақтап қалуға тырысуда, бұл оған әскери әрі экономикалық тұрғыдан тиімді.

Америкалық шенеуніктердің пікірінше, соңғы уақытта Ресей мен Иран арасындағы өзара әрекеттесу деңгейі айтарлықтай артқан. Алайда, Ресей тікелей АҚШ-пен қақтығыс туғызбауға тырысып, сақтық танытып отыр. 

Ресей Иранмен барлау деректерімен бөлісті ме? АҚШ президентінің өкілі Стивен Виткофф бұл ақпаратты Путин жоққа шығарғанын айтады. Ол бұл туралы Трамппен телефон арқылы тілдескенде айтқан. «Олардың сөзіне сенейік. Солай болғанына үміттенеміз», – деді  Стивен Виткофф. 

Жаһан сарапшылары, қазіргі қалыптасөан жағдай Ресейге жанама түрде тиімді болып отыр деп санайды. Иран айналасындағы шиеленіс күшейген соң, әлемде мұнай бағасы көтерілді. Бұл Ресей экономикасына оң әсер етеді. Бұған қоса, АҚШ Украинаға беретін кейбір әскери көмекті қысқартуға мәжбүр болған.

Дегенмен, сарапшылар бұл жағдайдың кері әсері де болуы мүмкін екенін айтады. Егер Ирандағы билік әлсіресе немесе ауысса, Ресей үшін бұл серіктестіктің мәні жоғалады.