homepage
Фото: Фейсбук Айбар Олжаев

Juz пікір: “Алматы протестті қала емес”

18.03.2026, 01:45

“Кеше сәтті аяқталған референдумда Алматы қаласы бойынша явка 33,43% болды. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бірақ мегаполистің сайлаулар пен референдумдардағы бұған дейінгі көрсеткіштеріне қарағанда біршама артық. Алматы жұрты неге жаппай учаскеге бармайды? Уақыт және уақыт. Алматыда бір сағат бос отырсаң аш қаласың. Қаладағы кептеліс мәселесі бар. Алматылықтарға үнемі уақыт жетпейді. Көбісі алматылықтар билікке қарсы, сондықтан сайлауға бармайды деп ойлайды. Ал статистика мүлде басқа картинаны береді. Бұған дейінгі науқандарда дауыс беру учаскесіне жеткен алматылықтардың 58 пайызы билік ұсынысын қолдаған. Бастысы учаскеге жетсе болды. Алматы аполитикалық атомосферада көбірек өмір сүреді. Саясатты офисте талқылап отырғаннан көрі, достармен тауға сақ моншасына шығып кеткен әлдеқайда қызық. Бірақ, Алматы протестті қала емес. Бұл қала тез тірлік істеп, кэш тауып, кешке соған кафеге барып лағман жегенді жақсы көреді”. 

Айбар Олжаев, сарапшы