homepage

Макрон Тоқаевқа қоңырау шалды

18.03.2026, 01:35

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып,  жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Макрон бұл оқиғаны Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған қарышты қадам деп бағалаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің қолдауы мен референдум нәтижесіне берген жоғары бағасы үшін алғыс айтты. 

Қос президент бұдан бөлек экономикадағы, әсіресе, индустрия мен энергетика салаларындағы өзара ықпалдастықты сөз етті, бұл саладағы байланыстарға екі тараптың да көңілі әбден толады.